Техникалық құжаттама және қосымшалар әкімшісі

Артқа

Техникалық құжаттама және қосымшалар әкімшісі

Әкімшілік персонал
Жабылу күні: 02-Жел.-2019

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:
Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментіне қажетті техникалық құжаттарға жазылу/жазылымды жаңарту.
Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің құжаттарын қабылдау.
Қабылданған техникалық құжаттарды электрондық регистрлерде уақтылы тіркеу. 
Техникалық құжаттарды серверге/әрекеттегі платформаға орналастырып жүктеу. 
Техникалық құжаттарды пайдаланушылардың тізіміне сәйкес тарату. 
Техникалық құжаттардың пайдаланушыларға жеткендігін қадағалау. 
Әуекеме және компоненттер шығарушылары сайттарында техникалық құжаттардың жаңартылған шығарылымдарын әрдайым тексеріп бақылау.  
Техникалық құжаттардың қосымша даналарын пайдаланушыларда, серверде, құжаттық платформада жаңарту. 
Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын қабылдау/жаңарту.   
Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын сервердегі электрондық регистрлерде тіркеу/жаңарту. 
Авиациялық билік сайттарынан екі аптада бір рет шығатын ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды жүктеп алу.   
Ұшу жөніндегі директивалардың қайта шығарылған екі апталық есептемелерін Аға инженерлерге қол қою арқылы тапсыру. 
Компоненттерді жөндеу цехына қажетті компоненттерге қызмет көрсетудің техникалық құжаттарын қабылдауды/жаңартуды/таратуды қадағалау.  
ТҚКБ-нің шығарған техникалық-ақпараттық хабарламаларын (TIN) Авиакомпания ішінде тарату.
Әуекеме шығарушылары сайттарындағы құжаттармен авиакомпания қызметкерлерінің жұмыс жасау мүмкіндіктерін қадағалау.   
Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаменті үшін құжаттық платформада техникалық құжаттармен әкімшілік жұмыс жүргізу.  
Кеңсе тауарлары мен ТҚКБ-нің техникасын қадағалап, керекті кездерде тапсырыс беру. 
ТҚКБ қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебі табелін жүргізу.  
Жұмыс барысында туындаған күнделікті мәселелерді уақтылы шешу. 
Әртүрлі құрылғылардағы техникалық құжаттардың жұмыс жасауын қадағалау. Ақпараттық технологиялар Департаментімен бірлесе отырып, Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің техникалық құжаттармен жұмыс жасауы үшін, керекті шараларды қолдану. Техникалық құжаттар құрылғылары істен шыққанда, Ақпараттық технологиялар Департаментіне дер кезінде сұраныс жіберу. 

ТАЛАПТАР:
Жоғары білім, мамандандыруға деген талаптарсыз.
1-2-жылдық жұмыс тәжірибесі. 
(AMM, IPC, CMM, SRM) секілді әуекеме құжаттарымен жұмыс жасау тәжрибесінің бары - қолайлы.  
Ағылшын тілінің деңгейі құжаттармен жұмыс жасай алатындай және де шетелдік өкілдермен электрондық хат жазыса алатындай болуы қажет. 

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 02-Жел.-2019