Контент-маркетинг жөніндегі аға маманы

Артқа

Контент-маркетинг жөніндегі аға маманы

Маркетинг және бренд
Жабылу күні: 31-Мам.-2022

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • Бренд-сторителлинг, контентті дамыту және сандық инновация сияқты дағдылардың жиынтығын пайдалану арқылы «Эйр Астана» брендінің құндылығын веб-сайт, ақпараттық бюллетеньдер және басқа да цифрлық арналар арқылы тиімді жеткізу.
  • Интернет, ұялы байланыс, электронды пошта және басқа да арналар арқылы тұтынушыларға пайдалы, динамикалық және тартымды контент қамтамасыз ететін көп арналы цифрлық ақпарат берудің біртұтас стратегиясын құрастыру және жүзеге асыру.
  • Электрондық пошта, веб-сайтт, мобильді қосымшалар және басқа да «Эйр Астана» бизнес мақсаттарына сәйкес келетін жарнамалық бағдарламалардың көмегімен контентті жоспарлау және қамтамасыз ету, сатылымдарды ұйымдастыру және оны көбейту бойынша науқанды тексеру.
  • Құрылымдық бөлімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін веб-сайт пен мобильді қосымша үшін контентті басқару жүйесін қолдану.
  • Қажет болған жағдайда, сандық арналар үшін жоғары деңгейлі және қызықты оқиғаларды құру және тарату үшін шығармашылық, сандық серіктестермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау.
  • Компанияның маркетингтік бастамаларына сәйкес контент ұсынудың тақырыптық жоспарларын жасау.
  • Жаңа клиенттерді тарту және оқыту үшін стратегиялық серіктестік мүмкіндіктерін анықтау.
  • Контент маркетингінің құралдары, оның бағыттары мен қолдану саласындағы жаңа технологияларды бақылау.
  • Жобаны басқару саласындағы сарапшылық шеберлікті көрсете отырып, ақпарат берудің әртүрлі сандық арналары үшін контент жоспар құру үшін барлық мүдделі тараптармен тиімді ынтымақтастық.
  • Көшбасшы ретінде ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен цифрлық контент стратегиясы аясында ақпарат алысу.
  • «Эйр Астана» брендінің мазмұнын, эстетикасы мен эмоциясын клиенттерге жеткізудің және жүзеге асырудың ең жақсы тәсілідерімен  контент маркетингін құру және оны дамыту.
  • Бағалы, уақтылы және тиісті сандық контентті қамтамасыз ету үшін компанияның веб-сайтында және мобильді қосымшада клиенттердің мінез-құлқының заңдылықтарын, сондай-ақ арнадан арнаға ауысу кезінде клиенттің мінез-құлқының заңдылықтарын білу.
  • Әлеуметтік желілердегі клиенттердің көңіл-күйі мен пікірталастарынан хабардар болу.
  • Сандық маркетингтің, маркетингтік науқандар мен іс-шаралардың қажеттіліктерін түсіну үшін аймақтық кеңселермен және тиісті бизнес топтармен бірлесіп жұмыс жасау.
  • Веб-аналитиктермен және веб-сайттағы және мобильді қосымша арқылы сатылымдардың анализі бойынша сатылымдардың электронды аналитиктерімен тығыз байланыста жұмыс істеу.
  • Барлық сандық арналардағы цифрлық науқанның жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін цифрлық маркетинг мамандармен тығыз жұмыс жасау.
  • Веб-сайт пен мобильді қосымшаның графикалық контентін уақтылы және дұрыс жаңарту үшін маркетинг тобымен бірлесіп жұмыс жасау.
  • Электрондық сату бөлімінің менеджері болмаған жағдайда, KGEK (Электрондық коммерцияны үйлестіру тобы) отырыстарында сату және маркетинг бөлімінің атынан қатысу.
  • Электрондық сату менеджері болмаған кезде, апта сайынғы сатулар мен маркетинг менеджерлерінің жиналыстарына электрондық сату бөлімінің атынан қатысу.
  • Электронды сату бөлімінің менеджеріне түрлі жобаларды жүзеге асыруға көмектесу, сонымен қатар жалпы әкімшілік қолдау көрсету.

ТАЛАПТАР:

  • Маркетинг немесе журналистика саласындағы мамандану
  • Мамандық бойынша алдыңғы жұмыс тәжірибесі +/- 2 жыл
  • Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде еркін әрі сауатты сөйлеу және жазу
  • Ақпараттық және сатуға бағытталған SEO-мәтіндерін жаза білу, тез әрі қызықты жазу дағдыларының болуы
  • Креативті ойлау қабілеті, оқырманды қызықтыратын тақырыптарды таба білу
  • Тез әрі көркем жаза білу
  • Контент құруға, цифрлық маркетингты зерттеуге және үздіксіз дамуға деген сүйіспеншілік
  • Өз уақытын дұрыс басқа білу
  • Компьютерді еркін менгерген
  • Ұжымда жұмыс істеуге дайын болуы міндетті
  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті
  • Табандылық, жауапкершілік, және нәтижеге бағытталған ойлау қабілеті
  • Ұсақ-түйек нәрселерге ерекше назар аудару
  • Өз дағдыларын үнемі жетілдіруге деген ұмтылыс
  • Белсенді, ұйымшыл, мақсатқа қол жеткізе алатын жоғарғы инициативті тұлға
  • Бір уақытта бірнеше жұмысты жасау және күнделікті тапсырмаларды уақытылы орындау дағдылары
  • Контентті басқару жүйелерімен жұмыс жасау тәжірибесі
  • Авиация, туризм салалары мен саяхаттауға қызығушылық
  • HTML білу артықшылық болып саналады

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 31-Мам.-2022