Брондау және ақпарат орталығының ауысым аға маманы

Артқа

Брондау және ақпарат орталығының ауысым аға маманы

Маркетинг және бренд
Жабылу күні: 23-Қаң.-2020

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:
Ауысым жұмысын үйлестіру және бақылау.
Агенттерге нақты және орындалатын міндеттерді қою.
Өнімділіктің негізгі көрсеткіштері мен сату жоспарына қол жеткізу бойынша жұмыс.
Агенттердің жұмыс тиімділігің  бағалау.
Өнімділігін арттыру үшін агенттер үшін олардың кәсіби даму бағыттарын анықтау.
Агенттердің қызмет стандарттары мен еңбек тәртібін сақтауын бақылау.
Сатылымды ұлғайту және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін шешім табу және ұсыну.
Клиенттермен қақтығыстарды болдырмау, пайда болған жағдайда агенттердің көмегіне жүгіну және жағдайдан шығудың жақсы жолын табу.
Авиабилеттерді брондау жүйесінің жаңа мүмкіндіктерін және электронды билеттер туралы авиа индустрия жаңалықтарын зерттеп, оларды уақытында агенттерге жеткізу.
Жолаушыларға аса күрделі мәселелер бойынша консультативтік-сараптамалық көмек көрсету.
Белгіленген көрсеткіштер бойынша ай сайынғы және апта сайынғы есептер мен талдаулар ұсыну.
Ауызша және жазбаша сұрауларды орындау.

ТАЛАПТАР:
Агент ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
Тілдерді білуі: орысша - еркін, қазақша, ағылшынша - жазбаша және ауызша орта деңгейден (Intermediate) төмен емес.
Amadeus брондау жүйесі, тасымалдау ережелерін жоғары деңгейде білу.
Жақсы қарым-қатынас дағдылары (жазбаша және ауызша).
Адалдық, жауапкершілік, белсенділік.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 23-Қаң.-2020