Диджитал маркетолог

Артқа

Диджитал маркетолог

Маркетинг және бренд
Жабылу күні: 31-Қаң.-2020

Сипаттамасы

Міндеттері:

 

·        Ақылы онлайн жарнама, іздеу жүйелерін оңтайландыру, email маркетинг, ұялы маркетинг, дербестендіру және автоматизация сияқты түрлі технологияларды қолдана отырып, әуе билеттерін сатудан түсетін кірісті кеңейту және көбейту үшін сандық арналар арқылы маркетингтік бағдарламалар мен

B2C науқандарын әзірлеу, құру және жүргізу.

·        Маркетингтік коммуникациялар стратегиясын әзірлеу және іске асыру, omni-арнаны дамытуға қатысу:

·     Google және Yandex-те (мәнмәтіндік және дисплейлік жарнама, ремаркетинг), мәнмәтіндік-медиа желілерінде, YouTube, Facebook, Instagram (әлеуметтік желілердегі мақсатты жарнама) қолданбаларында тиімділігі жоғары жарнамалық науқандарды дамыту және баптау;

·     Жарнамалық науқандарды, маркетинг арналары мен құралдарын, CPC (бір клик құны), CPA (бір әрекет құны) жүргізу, талдау және оңтайландыру;

·     Аналитикалық жүйелерді баптау, мақсаттарды, жарнамалық науқандардың тиімділігін қадағалау;

·     Жарнамалық науқандардың бюджетін жоспарлау;

·     Жарнамалық науқандардың тиімділігі мен нәтижелері туралы есептер дайындау.

·     Медиа жоспар үшін алдын ала есептеулерді дайындау;

·     Email-маркетинг және іздеу жүйесін оңтайландыру агенттігінің жұмысын үйлестіру: медиа-жоспарды, хаттардың мазмұнын бекіту, тапсырмаларды орындау мерзімдерін үйлестіру;

·     Барлық цифрлық арналар бойынша цифрлық науқандардың ең үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін SMM, контент-маркетинг бойынша маман(-дар-)мен және копирайтерлермен үнемі ынтымақтастықта болу.

 

Қойылатын талаптар:

·         Google Analytics/Яндекс Метриканы жетік меңгерген пайдаланушы

·         GoogleAdWords/Я.Директ/ Facebook Ads-ті жетік меңгерген пайдаланушы

·         Google, Яндекс, Facebook сертификаттарының болуы артықшылық болып табылады

·         Іздеу жүйесін саралау және email маркетинг механизмдерін білу керек,

·         Ұқсас міндеттері бар лауазымдарда кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек

·         Қазақ, орыс тілдерін жетік білу керек, ағылшын тілін білу деңгейі Upper-Intermediate-тен төмен емес

·         GTM-ді, әртүрлі жүйелердің пиксельдерін баптай алу керек

·         Ремаркетинг аудиториясын баптай алу керек

·         Excel, Google Sheets білу керек;

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 31-Қаң.-2020