Ұшақ бөлшектерін жөндеу жөніндегі инженер

Артқа

Ұшақ бөлшектерін жөндеу жөніндегі инженер

Инженерлік техникалық қызмет көрсету
Жабылу күні: 05-мам.-2025

Сипаттамасы

МИНДЕТТЕРІ:

  • Топтың күнделікті жұмысын ұйымдастыру, басқару және қадағалау.
  • Әуе кемесінің анықталған зақымдануына байланысты жөндеу түрін анықтау; қажет болған жағдайда стандартты емес жөндеу әдістері бойынша жөндеу сызбасын әзірлеу үшін EM Техникалық қызмет департаментіне сұраныс жіберу.
  • SRM (Құрылымдық жөндеу нұсқаулығы), AMM (Әуе кемесін техникалық пайдалану нұсқаулығы), SOPM (Стандартты жұмыс процедуралары нұсқаулығы), SB (Қызмет бюллетеньдері) және басқа да қолданылатын құжаттамаларға сәйкес жөндеу технологияларын толық білу және түсіну.
  • Әуе кемесінің құрылымдық жөндеулеріне қатысты Ұшуға жарамдылық директиваларына (AD), Қызмет бюллетеньдеріне (SB), Қызмет хаттарына (SL) сәйкес жаңғырту мен қайта жабдықтауды ұйымдастыру және орындау.

ТАЛАПТАР:

  • Арнайы техникалық немесе авиациялық білім, немесе Part-66 курсы, немесе әуе кемесінің құрылымдық жөндеуі бойынша арнайы оқыту курсы.
  • Осы лауазымға сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі – кемінде 2 жыл.
  • Авиациялық қауіпсіздікке қатысты компанияның ішкі нормативтік құжаттары мен процедураларын білу (тағайындалған міндеттер аясында).
  • TRAX әуе кемелерін техникалық қызмет көрсету жүйесін жұмыс міндеттерін орындауға жеткілікті деңгейде меңгеру (сынақ мерзімі соңына дейін).
  • Ағылшын тілін білу – байланыс жасау, хат алмасу және шеберхана орындайтын тапсырмалар шеңберінде авиациялық техникалық құжаттаманы түсіну үшін жеткілікті деңгейде.
  • Жөндеуге жататын әуе кемесінің құрылымын, олардың техникалық сипаттамаларын және тиісті пайдалану құжаттамасын білу.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Ауысымдық жұмыс

Жабылу күні: 05-мам.-2025