Коммерциялық жоспарлау және бюджеттеу менеджері, AATS

Артқа

Коммерциялық жоспарлау және бюджеттеу менеджері, AATS

Әкімшілік персонал
Жабылу күні: 15-шіл.-2025

Сипаттамасы

MIНДЕТТЕР:

  • Компанияның коммерциялық және инвестициялық бюджеттеу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау (CAPEX/OPEX).
  • Жылдық және орта мерзімді коммерциялық бюджетті уақытылы қалыптастыру мен өзектендіруді қамтамасыз ету.
  • Жобалар, бизнес бағыттар және контрагенттер бойынша кірістерді, шығыстарды және маржиналдылықты талдау.
  • Жаңа коммерциялық бастамалар, бизнес-кейстер және инвестициялық жобаларды бағалау мен қаржылық модельдеуге қатысу.
  • Негізгі коммерциялық көрсеткіштерге (KPI) мониторинг жүргізу, басшылық үшін тұрақты есептіліктер мен талдамалық жазбалар дайындау.
  • Жоспарлау және тиімділік мәселелері бойынша сатып алу департаменті мен операциялық бөлімшелермен өзара іс-қимылды үйлестіру.
  • Ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін презентациялық материалдарды дайындау.
  • Ішкі регламенттерге, компаниялар тобының саясатына және аудит талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету.

ТАЛАПТАР:

  • Білімі: Экономика, қаржы, бизнес, менеджмент немесе осыған ұқсас салалар бойынша жоғары білім.
  • Жұмыс тәжірибесі: Бизнес-жоспарлау, коммерциялық талдау немесе қаржылық менеджмент саласында 3–5 жыл тәжірибе.
  • Тілдер: Ағылшын тілі — Intermediate және жоғары деңгей, қазақ және орыс тілдері — еркін меңгеру.
  • Excel, PowerPoint бағдарламаларын жетік меңгеру, ERP жүйелері мен BI құралдарын (ERP, BPS, Power BI және т.б.) білу
  • Жоғары аналитикалық қабілет пен стратегиялық ойлау
  • Бизнес-кейстер мен бюджеттік модельдерді дайындау тәжірибесі
  • Инвестициялық тартымдылықты бағалау әдістерін білу (NPV, IRR, Payback)
  • Келіссөз жүргізу және басқарушылық есептілікті әзірлеу дағдылары
  • Жауапкершілік, ұқыптылық және көп міндетті жағдайда жұмыс істей білу
  • Көшбасшылық қабілет және топпен жұмыс істеу икемі

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 15-шіл.-2025