Техникалық құжаттама және қосымшалар әкімшісі

Артқа

Техникалық құжаттама және қосымшалар әкімшісі

Әкімшілік персонал
Жабылу күні: 06-нау.-2022

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментіне қажетті техникалық құжаттарға жазылу/жазылымды жаңарту.
  • Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің құжаттарын қабылдау.
  • Қабылданған техникалық құжаттарды электрондық регистрлерде уақтылы тіркеу.
  • Техникалық құжаттарды серверге/әрекеттегі платформаға орналастырып жүктеу.
  • Техникалық құжаттарды пайдаланушылардың тізіміне сәйкес тарату.
  • Техникалық құжаттардың пайдаланушыларға жеткендігін қадағалау.
  • Әуекеме және компоненттер шығарушылары сайттарында техникалық құжаттардың жаңартылған шығарылымдарын әрдайым тексеріп бақылау. 
  • Техникалық құжаттардың қосымша даналарын пайдаланушыларда, серверде, құжаттық платформада жаңарту.
  • Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын қабылдау/жаңарту.  
  • Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын сервердегі электрондық регистрлерде тіркеу/жаңарту.
  • Авиациялық билік сайттарынан екі аптада бір рет шығатын ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды жүктеп алу.  
  • Ұшу жөніндегі директивалардың қайта шығарылған екі апталық есептемелерін Аға инженерлерге қол қою арқылы тапсыру.
  • Компоненттерді жөндеу цехына қажетті компоненттерге қызмет көрсетудің техникалық құжаттарын қабылдауды/жаңартуды/таратуды қадағалау.  
  • ТҚКБ-нің шығарған техникалық-ақпараттық хабарламаларын (TIN) Авиакомпания ішінде тарату.
  • Әуекеме шығарушылары сайттарындағы құжаттармен авиакомпания қызметкерлерінің жұмыс жасау мүмкіндіктерін қадағалау.   
  • Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаменті үшін құжаттық платформада техникалық құжаттармен әкімшілік жұмыс жүргізу. 
  • Кеңсе тауарлары мен ТҚКБ-нің техникасын қадағалап, керекті кездерде тапсырыс беру.
  • ТҚКБ қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебі табелін жүргізу. 
  • Жұмыс барысында туындаған күнделікті мәселелерді уақтылы шешу.
  • Әртүрлі құрылғылардағы техникалық құжаттардың жұмыс жасауын қадағалау. Ақпараттық технологиялар Департаментімен бірлесе отырып, Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің техникалық құжаттармен жұмыс жасауы үшін, керекті шараларды қолдану. Техникалық құжаттар құрылғылары істен шыққанда, Ақпараттық технологиялар Департаментіне дер кезінде сұраныс жіберу.

ТАЛАПТАР:

  • Жоғары білім, мамандандыруға деген талаптарсыз.
  • 1-2-жылдық жұмыс тәжірибесі.
  • (AMM, IPC, CMM, SRM) секілді әуекеме құжаттарымен жұмыс жасау тәжрибесінің бары - қолайлы. 
  • Ағылшын тілінің деңгейі құжаттармен жұмыс жасай алатындай және де шетелдік өкілдермен электрондық хат жазыса алатындай болуы қажет.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 06-нау.-2022