Әлеуметтік желілердегі байланыс жөніндегі менеджер

Артқа

Әлеуметтік желілердегі байланыс жөніндегі менеджер

Жабылу күні: 15-нау.-2025

Сипаттамасы

Міндеттері:

  • SMM бағытындағы құрылымдық бөлімшенің қызметтік міндеттерін басқару және бақылау. Стратегиялық мақсаттарға жету үшін тапсырмалар қою және олардың орындалуын қадағалау.
  • Әлеуметтік желілердің белгіленген стратегияға сәйкестігін қамтамасыз ету және контент-жоспарларды бақылау: Instagram, TikTok, YouTube, X (Twitter), Telegram, LinkedIn, Threads және Facebook.
  • Топпен бірге бейнематериалдар мен мәтіндерге қойылатын талаптарды анықтау.
  • Әрбір платформа үшін өзекті эксклюзивті контент (посттар, сториcтер, рилстер, бейнероликтер және т.б.) әзірлеу. Сапалы визуалды және бейнематериалды дайындау үшін дизайнерлер мен видеографтармен коммуникацияларды ұйымдастыру.
  • Оқырмандардан келген пікірлер мен хабарламаларды бақылау, сұрақтарға және кері байланысқа жылдам жауап ұсыну.
  • Визуалды контентті жақсарту үшін креативті идеялар ұсыну.
  • Түсірілімдер жоспарлау және ұйымдастыру.
  • Науқандардың/ұтыс ойындарының тиімділігін талдау: қамту көлемі, қатысу, лайк, конверсия көрсеткіштері арқылы бағалау.
  • Блогерлермен және пікір көшбасшыларымен серіктестіктерді ұйымдастыру, бірлескен науқандарды әзірлеу.
  • Оптимизациялау бойынша ұсыныстар мен есептік жұмыстар дайындау.

 

Талаптар:

  • Маркетинг, PR, журналистика немесе жақын салалардағы жоғары білімнің болуы;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.
  • Әлеуметтік желілерді жүргізудің алгоритмдері, құралдары және ережелері туралы білімі. Оқырмандардың қатысу деңгейін көтеру және KPI бақылауда тәжірибе мен терең түсініктің болуы.
  • SMM және PR саласында 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі (әуекомпаниялар, көлік немесе технология саласында жұмыс тәжірибесінің болуы басымдық болып табылады).
  • Топты басқару және ірі SMM жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі.
  • Заманауи трендтерді білу және оларды қолдану.
  • Жауапкершілік, сауаттылық, тәртіп, креативтілік, бастамашылдық, зейінді түрде назар аудару қабілеті, нәтижеге бағытталғандық.
  • Жетекшілік қасиеттері, шабыттандыру және мотивациялау қабілеті, топта жұмыс істей білу, көп тапсырмаларды қатар орындау және қысқа мерзімде жұмыс істеу дағдылары, стрестік жағдайларда төзімділік көрсету.
  • Аналитикалық ойлау, метрикалар мен статистикамен жұмыс істей білу.
  • Контент-менеджмент және продюсерлік дағдылары. Сценарий жазу, мобильді түсірілімдер мен бейнероликтерді монтаждау дағдылары.
  • Кәсіби бағдарламаларды білу. Жаңа құралдарды үйренуге дайындық таныту.
  • Жұмыстары және жобаларының мысалдарымен креативті портфолио.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

ҮН ҚОСУ