Сипаттамасы
МІНДЕТТЕРІ:
- Қатысушыларды шабыттандыратын және ынталандыратын оқыту өнімдерінің дизайнын әзірлеу, дамыту және енгізу.
- Барлық оқу материалдарының графикалық дизайнын жасау, соның ішінде онлайн және офлайн форматтар.
- Департаментте пайдаланылатын жүйелер мен оларға қатысты нұсқаулықтардың визуалды безендіруін әзірлеу.
- Көрнекі безендіру мәселелері бойынша басқа қызметкерлер үшін оқытуды әзірлеуге және өткізуге қатысу.
- “Эйр Астана” компаниялар тобының қызметкерлері арасында онлайн оқытуды насихаттауға қатысу және қашықтан оқыту бөлімінен ішкі коммуникациялық материалдарға дизайн әзірлеу.
- Оқу Орталығында дизайн мен безендіруге арналған стандарттарды әзірлеуге қатысу.
- Оқу Орталығының ішкі және сыртқы жобаларына қатысу.
ТАЛАПТАР:
- Жоғары білім артықшылықты: дизайн мамандықтары (веб, графикалық, анимациялық дизайн және т.б.)
- Графикалық дизайн саласындағы білім (композиция негіздері, түстермен жұмыс, қаріптерді сауатты пайдалану және т. б.)
- UX/UI дизайн негіздерін білу
- Тілдерді білу: орыс тілі (сөйлесу деңгейі), ағылшын тілі (орташа - Intermediate), қазақ тілі (орташа)
- Онлайн курстарды әзірлеу бағдарламаларын білу (iSpring Suite, Articulate Storyline)
- Онлайн оқыту саласында (әдістеме, дизайн, онлайн курстарды әзірлеу) сертификаттың болуы, сондай-ақ жаттықтыру/оқыту саласында сертификаттың болуы құпталады
Лауазымға сәйкес келу үшін қажетті дағдылар мен қасиеттер:
- Арнайы графикалық редакторларда жұмыс істей білу (мысалы, Adobe Photoshop, Corel Draw, Illustrator)
- Жұмыс уақытын жоспарлау дағдылары
- Оқыту дағдылары
- Ойды анық жеткізу қабілеті, ауызша және жазбаша түрде
- Тікелей бақылаусыз жұмыс істей алу қабілеті
- Шығармашылық ойлау
- Визуалды безендіру бойынша жаңа идеяларды ұсыну қабілеті
- Ұқыптылық
- Қарым-қатынас дағдылары
- Тиімді қарым-қатынас
- Жауапкершілік, орындаушылық
- Топта жұмыс істей білу