Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
МІНДЕТТЕР:
• Авиакомпанияның есеп беру станциялары/өкілдіктері аумағында жерде қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің жұмысын басқару және бақылау.
• Операциялық өндіріс сапасын бақылау.
• Техникалық қызмет көрсету бөлімін бақылау.
• Жердегі қызмет көрсету бөлімінің жедел қызметін ұйымдастыру, талдау және бақылау.
• Келісімшарттық міндеттемелердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда әуежай басшылығымен және қызмет көрсетушілермен келіссөздер жүргізу.
• Бөлім ішінде операциялық қызмет көрсету стандарттары мен сақталуын бақылау.
• Барлық әуежайларда әуежайлармен, жерде қызмет көрсету компанияларымен, қонақ үйлермен және басқа да тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесу тиімділігін ұйымдастыру және бақылау.
• Ұшуларға қызмет көрсететін әуежай компанияларымен өндірістік байланыстарды орнату және қолдау, қажет болған жағдайда туындаған мәселелерді шешу.
ТАЛАПТАР:
• Жоғарғы білім.
• Әуекомпанияның оперативтік қызымет көрсету бөлімінде жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
• Басшылық жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес.
• Тілдерді білу: орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – ортадан жоғары, қазақ тілі – орташадан жоғары.
•Авиакомпанияның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік актілері, қауіпсіздіктің мемлекеттік және халықаралық стандарттарын білу (ИКАО, IATA сәйкес).
• Іскерлік хат алмасу мен телефон арқылы сөйлесу дағдылары.
• Басқару дағдылары, көшбасшылық, қақтығыстарды шешу дағдылары, стресске төзімділік, өз бетінше шешім қабылдау қабілеті
• Қол астындағылармен тиімді тіл табысуы, ішкі және сыртқы клиенттер
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Толық жұмыс күні
Жабылу күні: 19-шіл.-2024