Пайдаланушыларды техникалық қолдау қызметінің маманы

Артқа

Пайдаланушыларды техникалық қолдау қызметінің маманы

Ақпараттық технологиялар
Жабылу күні: 24-ақп.-2025

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • Пайдаланушыларға ақпараттық технологиялар саласында қолдау көрсету.
  • Жабдық пен бағдарламалық қамтамасыздандырудың (БҚ) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  • Қолданбалы БҚ орнату және баптау.
  • Пайдаланушылармен қашықтықтан жұмыс жүргізу.
  • Компьютерлік техника ақаулықтарын диагностикалау және жою.
  • АТ инфрақұрылымының компьютерлік жабдық паркін толықтай жұмыс күйінде ұстау.
  • Шығыс материалдары мен компьютерлік құрауыштар журналын жүргізу.
  • Дербес компьютерлермен (бұдан әрі – ДК), телефониямен, желімен және жолаушыларды электронды тіркеу жүйесімен байланысты АТ жобаларына қатысу.
  • Жұмыс станциялары мен серверлерде үшінші тұлғалардың жұмыс істеуіне жол бермеу.
  • Барлық жұмыс станцияларында мерзімді түрде бақылау тексерулерін жүзеге асыру және вирусқа қарсы қорғау құралдарының дұрыс жұмыс істеуін сынақтамадан өткізу.

ТАЛАПТАР:

  • Ақпараттық технологиялар саласындағы техникалық білімі.
  • Мамандығы бойынша 1 жылға дейінгі алдыңғы жұмыс тәжірибесі.
  • Орыс және ағылшын (орташа деңгей) тілдерін білуі.
  • Операциялық жүйелер және желілік орта бойынша базалық білімі.
  • Майкрософт өнімдері.
  • Компьютерлік техника бойынша техникалық білімі.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Ауысымдық жұмыс

ҮН ҚОСУ