ӘК ТҚК жөніндегі В1 инженері

Артқа

ӘК ТҚК жөніндегі В1 инженері

Инженерлік техникалық қызмет көрсету
Жабылу күні: 10-қыр.-2025

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • ӘК ТҚ бойынша ауысымның өндірістік тапсырмасын орындау мақсатында қол астындағы қызметкерлердің (бұдан әрі – Топ) жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
  • Ауысым, бригада, Топ және/немесе жеке шешетін міндеттер аясында ӘК ТҚ бойынша жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды орындау.
  • Ауысым, бригада, Топ және/немесе жеке шешетін міндеттер аясында ӘК бұзылуы мен ақаулықтарын жою.
  • Ауысым, бригада, Топ және/немесе жеке шешетін міндеттер аясында ӘК толықтыру және түрлендіру жұмыстарын орындау.
  • Ауысым, бригада, Топ құрамында немесе жеке ӘК ТҚ бойынша міндеттерді атқару:
  • «А», «В1», «Вжәне/немесе «С» санаттарындағы дербес рұқсаттар бойынша сертификаттайтын персонал (ӘК-не желілік немесе базалық ТҚ) өкілеттіктерімен, және/немесе.
  • «В1» және/немесе «В2» санаттарындағы дербес рұқсаттар бойынша қолдайтын персонал (ӘК-не базалық ТҚ) өкілеттіктерімен, және/немесе ӘК ТҚ-да көмек көрсету және/немесе ӘК ТҚ-да тәжірибе жинақтау мақсатында.

ТАЛАПТАР:

  • Жоғары авиациялық техникалық білім.
  • Мамандық бойынша алдыңғы тәжірибесі: ± 5 жыл.
  • Лауазымға сәйкестік үшін қажетті білімдер:
  • Өз лауазымдық міндеттері көлемінде Әуе компаниясының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі асшылыққа алынатын құжаттары мен рәсімдерінің талаптары.
  • Өз лауазымдық міндеттерін (сынақ мерзімі аяқталған мезеттегі) атқару үшін жеткілікті көлемде ӘК ТҚ компьютерлендірілген басқару жүйесі (TRAX).
  • ӘК ТҚ департаменті шешетін міндеттер шегінде қарым-қатынас жасау, хат алысу, авиациялық техникалық құжаттаманы түсіну үшін жеткілікті көлемде ағылшын тілін меңгеру (Pre-Intermediate деңгейі).
  • Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде MS Office және AdobeAcrobat компьютерлік қолданбаларын білу.
  • ӘК-не желілік және базалық ТҚ рәсімдерінің мазмұнын терең білу.
  • Жетекші инженерге жүктелген міндеттер мен осы лауазымдық нұсқаулық шеңберінде ӘК-не қызмет көрсету технологиясы.
  • ӘК ТҚ ұйымдастыру және қамтамасыз ету негіздері.
  • ӘК ТҚ орындау үшін қолданылатын технологиялық жабдық пен жерде қызмет көрсету құралдарын техникалық пайдалану құрылғысы және ережелері.
  • ӘК негізгі жүйелерінің құрамы, жұмыс істеу қағидаттары, құрылысы, ӘК ТҚ ережелері.
  • ӘК ТҚ жүргізу және ӘК жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру тәртібі.
  • Әуе компаниясының Инженерге жеке берілген рұқсат сертификатының рұқсаттары мен шектеулері көлемінде ӘК-дегі ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.
  • ӘК-де құрауыштарды, жиынтықтаушы бұйымдарды және олардың элементтерін ауыстырудың негізгі ережелері.
  • ӘК ТҚ жұмыстарын орындау және осы жұмыстарды сертификаттау кезіндегі персоналдың өкілеттіктері.
  • ӘК пайдалану және жөндеу кезінде оларда қолданылатын арнайы сұйықтықтар мен материалдардың түрлері мен маркалары, оларды қолдану технологиясы.
  • Инженердің лауазымдық міндеттерін атқаруға қатысты бөлігінде ИТҚ департаментінде ӘК ТҚ және ӘК ТҚ қамтамасыз ету бойынша әзірленген нұсқаулықтардың мазмұны.

ОРНАЛАСУЫ
Астана , Қазақстан

Ауысымдық жұмыс

Жабылу күні: 10-қыр.-2025