Бас бухгалтер еншілес компанияға

Артқа

Бас бухгалтер еншілес компанияға

Қаржы
Жабылу күні: 09-қаң.-2023

Сипаттамасы

ФлайАрыстан қаржы департаменті кандидаттарды еншілес компанияға бас бухгалтер лауазымына шақырады. Бұл позиция Алматы қаласында орналасқан. Бас бухгалтер қаржы директорына есеп береді, еншілес компанияның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге, басқару дағдыларын, стратегиялық ойлауды, аналитикалық дағдыларды, уақытты басқаруды және адам ресурстарын басқарудың дағдыларын қолдана отырып, қаржы бөлімін басқаруға жауап береді.

Міндеттері:

  • Компанияның бухгалтерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру, олардың келесі функцияларды орындауы:

- ХҚЕС және ұлттық стандарттарға, бас компанияның есеп саясатына сәйкес компанияның шаруашылық операциялары мен активтерін есепке алу;

- салықтық есепке алуды жүргізу және салықтық тексерулерден өту;

- қаржылық есептіліктің сыртқы аудитінен өту;

- жеткізушілерге төлемдер және жалақы төлеу;

- компания регламентіне сәйкес кезеңді жабу;

- Акционерлерге, есептілік депозитарийі, Ұлттық банк, статистика органдары және т.б. есептілікті тапсыру,

- растайтын құжаттардың түпнұсқаларын мұрағаттау;

- есепке алу жүйесін енгізу және жаңарту;

- түгендеуді ұйымдастыру;

- -Компания активтерінің сақталуына бақылау орнату;

- алаяқтық транзакциялар мен фродты анықтау.

Талаптар:

  • Аудит/Қаржы/Бухгалтерлік есеп саласындағы бакалавр дәрежесі;
  • Бухгалтерияда/қаржыда/аудитте 5 жыл, басшылық лауазымдарда және авиацияда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • ҚР Кәсіби бухгалтері сертификатының міндетті түрде болуы, Қосымша сертификаттар мен дипломдар (CAP/CIPA / ACCA емтихандары / ДипИФР) болуы құпталады;
  • Upper Intermediate және одан жоғары деңгейдегі ағылшын тілі;
  • Бағыныштылармен тиімді қарым-қатынас, сыртқы және ішкі клиенттермен сәтті қарым-қатынас жасау дағдысы;
  • Өз бөліміндегі өзгерістерді басқаруға және мүдделі тұлғалармен ынтымақтастыққа ұмтылу;
  • Көшбасшылық қасиеттер, жауапкершілік, жоғары стандарттарға бағдарлану, мақсаттылық, коммуникабельділік, мейірбандылық, ұқыптылық, орындаушылық.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 09-қаң.-2023