Сатып алу және жабдықтау шығыстары жөніндегі маманы

Артқа

Сатып алу және жабдықтау шығыстары жөніндегі маманы

Жабылу күні: 21-қар.-2025

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • Өзара есеп айырысуларға қатысты жеткізушілермен жасалған келісімдерді/келісімшарттарды қарауға қатысу.
  • BPS автоматтандырылған бюджеттеу жүйесіне бөлімшелердің шығыс орталықтары бюджетін енгізу және түзету.
  • Біріктірілген жүйелерден алынған бухгалтерлік деректермен тауарлар мен қызметтерге арналған бастапқы қаржылық құжаттаманы тексеру.
  • Тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен сәйкессіздіктер туындаған жағдайда шот-фактураларды түзету үшін жұмыс істеу.
  • Жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін бастапқы құжаттардан мәліметтерді қабылдау және бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізу.
  • Сатып алу және жабдықтау бөліміне, жауапты қаржы бөлімшелеріне тауарлар мен қызметтерге шот-фактураларды келісу және бақылау, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен уақытылы есеп айырысуларды қамтамасыз ету.
  • Бюджетке, тауарлар мен қызметтерге қажеттілікке сұраныстарды құру.
  • Растайтын құжаттар негізінде жеткізушілерге төлем жасау.
  • Қызметтерді уақтылы және дұрыс қабылдауды және KC PAY жүйесінде ағымдағы аналитиканы пайдалана отырып және Қоғамның белгіленген тәртіптері мен ережелеріне сәйкес төлемдерді қалыптастыруды жүзеге асыру.
  • Бюджетте қарастырылған шығыстардың/кірістердің ауытқуларына талдау жүргізу.
  • Төлеуге құжаттарды дайындау.
  • Құжаттарды өңдеу бөліміне заң талаптарына сәйкес келетін бастапқы құжаттардың түпнұсқаларын беру.

ТАЛАПТАР:

  • Лауазымға сәйкес келу үшін жеткілікті білім -Жоғары.
  • Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы.
  • Мамандығы бойынша алдыңғы жұмыс тәжірибесі 1- 2 жыл.
  • Бухгалтерлік есеп негіздері.
  • Тілдік дағдылар – Ағылшын Орташадан жоғары, Қазақша – Еркін сөйлеу, Орысша - Еркін сөйлеу.

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 21-қар.-2025