Аға заңгер

Артқа

Аға заңгер

Заңгерлер
Жабылу күні: 26-сәу.-2026

Сипаттамасы

МІНДЕТТЕР:

  • Құқықтық мәселелерді қарау кезінде соттарда, мемлекеттік органдарда, полиция мен прокуратурада, қоғамдық және басқа да ұйымдарда «FlyArystan» АҚ мүддесін білдіру және қорғау.
  • «FlyArystan» АҚ қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, «FlyArystan» АҚ қызметіне қатысты мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету.
  • «FlyArystan» АҚ-да жүргізілетін тексерулерге қатысу, материалдар мен құжаттарды дайындау, тексеру барысында шығарылған актілерді қарау және олар бойынша қорытындылар беру, жауаптар мен қарсылықтар дайындау.
  • Заң бөліміне заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді, хаттарды, шағымдарды, сұрау салуларды және басқа да өтініштерді қарау және олар бойынша тиісті қорытындылар, жауаптар мен қарсылықтар дайындау.
  • Авиация саласындағы халықаралық конвенцияларды нақты жағдайларға қолдануды қарастыру.

ТАЛАПТАР:

  • Қазақстан Республикасының аумағында алған құқықтану саласындағы жоғары білім;
  • Мамандығы бойынша алдыңғы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасының авиакомпанияның қызметін реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Азаматтық, процессуалдық, еңбек, әкімшілік және халықаралық құқықты білу;
  • Шарттарды жасау және орындау тәртібін білу;
  • Талап қою жұмыстарын жүргізу тәртібін білу;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу;
  • Тілдерді білу: орыс/қазақ – еркін (ауызша және жазбаша), ағылшын – орта;
  • MS Office сенімді қолданушысы;
  • Келіссөздер жүргізу және бекіту дағдылары;
  • Жұмыс уақытын жоспарлау дағдысы;
  • Қайырымдылық;
  • Еңбекқорлық;
  • Дәлдік.

 

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 26-сәу.-2026