Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
«Эйр Астана» АҚ жолаушыларды жерүсті қызмет көрсету департаментіне стажерларды қабылдайды.
Егер саған авиация саласы, адамдармен жұмыс істеу және еліміздегі ең ірі әуе компанияларының бірінде даму мүмкіндігі қызық болса – онда бізге қосыл!
Біз ұсынамыз:
Тіркеу кезеңінде жолаушылармен жұмыс тәжірибесі;
3 айлық ақы төленетін стажировка;
Оқыту және кейінірек Жолаушыларды Қызмет Көрсету Агенті позициясына жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
Қызметтік маршрут (развозка);
Қызықты адамдармен жұмыс істеу және мансаптық өсу.
ТАЛАПТАР:
Колледждер/ЖОО түлектері;
Қазақ тілін – жақсы деңгейде, орыс тілін – еркін, ағылшын тілін – Pre-Intermediate деңгейінен төмен емес білу;
Клиентке бағытталғандық;
Қызмет көрсету саласында тәжірибенің болуы құпталады (міндетті емес);
Презентабельді сыртқы келбет.
ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕР:
Әртүрлі адамдармен тіл табыса алу;
Энергияға толы, тез үйренетін;
Топта жұмыс істей алу.
ОРНАЛАСУЫ
Қызылорда , Қазақстан
Ауысымдық жұмыс
Жабылу күні: 24-жел.-2025