Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
Моушнда білімі бар графикалық дизайнер
Біз келесі талаптарға сәйкес келетін маманды іздейміз:
• Ұқсас лауазымда 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар;
• Көркемдік талғамы бар, сурет салу білетін, портфолиосы бар;
• Adobe пакетін білетін (Photoshop, Illustrator, AfterEffects, Premier Pro, InDesign, қосымша бағдарламаларды білу қарастырылады);
• MacOS жүйесімен таныс;
• Ағылшын тілін Intermediate деңгейінде еркін меңгерген;
• Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайтын, жұмыстың орындалу мерзімін сақтайтын;
• Ұжымда өзін жақсы сезінетін.
Тапсырмалар:
• Жарнамалық материалдарға арналған тұжырымдамаларды/бейнелерді әзірлеу және бейімдеу (сыртқы жарнама, веб, SMM, PPC т.б.).
• Компанияның корпоративтік өнімдерінің макеттерін әзірлеу: буклеттер, парақшалар макеттері, кәдесыйлар әзірлеу, стендтерді, іс-шараларды, кеңселерді безендіру.
• Анимациялық баннерлер мен жарнамаларды әзірлеу.
• Иллюстрацияларды, инфографикаларды құру.
• Дизайн трендтерін қадағалау және оларды жұмыста қолдану
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Толық жұмыс күні
Жабылу күні: 09-жел.-2022