Air Astana әуекомпаниясы жұмысқа орналасу үшін үміткерлерден ақшалай қаражат алмайды, сондай-ақ жұмысқа қабылдауды үшінші тұлғалар арқылы жүзеге асырмайды.
Сізден осындай ұсыныстар түсу кезінде абай болуыңызды, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жұмысқа орналасу үшін жеке және банктік деректеріңізді бермеуіңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша ресми пошта мекенжайына хабарласа аласыз
recruitment.support@airastana.com
Сипаттамасы
Міндеттері:
· Пайдаланушыларға ақпараттық технологиялар саласында қолдау көрсету
· Жабдық пен бағдарламалық қамтамасыздандырудың (БҚ) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
· Қолданбалы БҚ орнату және баптау
· Пайдаланушылармен қашықтықтан жұмыс жүргізу
· Компьютерлік техника ақаулықтарын диагностикалау және жою
· АТ инфрақұрылымының компьютерлік жабдық паркін толықтай жұмыс күйінде ұстау.
· Шығыс материалдары мен компьютерлік құрауыштар журналын жүргізу.
· Дербес компьютерлермен (бұдан әрі – ДК), телефониямен, желімен және жолаушыларды электронды тіркеу жүйесімен байланысты АТ жобаларына қатысу.
· Жұмыс станциялары мен серверлерде үшінші тұлғалардың жұмыс істеуіне жол бермеу.
· Барлық жұмыс станцияларында мерзімді түрде бақылау тексерулерін жүзеге асыру және вирусқа қарсы қорғау құралдарының дұрыс жұмыс істеуін сынақтамадан өткізу.
Талаптар:
· Ақпараттық технологиялар саласындағы техникалық білімі
· Мамандығы бойынша 1 жылға дейінгі алдыңғы жұмыс тәжірибесі
· Орыс және ағылшын (орташа деңгей) тілдерін білуі
· Операциялық жүйелер және желілік орта бойынша базалық білімі
· Майкрософт өнімдері
· Компьютерлік техника бойынша техникалық білімі
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Толық жұмыс күні
Жабылу күні: 01-Там.-2019