Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
Міндеттері:
· Ақылы онлайн жарнама, іздеу жүйелерін оңтайландыру, email маркетинг, ұялы маркетинг, дербестендіру және автоматизация сияқты түрлі технологияларды қолдана отырып, әуе билеттерін сатудан түсетін кірісті кеңейту және көбейту үшін сандық арналар арқылы маркетингтік бағдарламалар мен
B2C науқандарын әзірлеу, құру және жүргізу.
· Маркетингтік коммуникациялар стратегиясын әзірлеу және іске асыру, omni-арнаны дамытуға қатысу:
· Google және Yandex-те (мәнмәтіндік және дисплейлік жарнама, ремаркетинг), мәнмәтіндік-медиа желілерінде, YouTube, Facebook, Instagram (әлеуметтік желілердегі мақсатты жарнама) қолданбаларында тиімділігі жоғары жарнамалық науқандарды дамыту және баптау;
· Жарнамалық науқандарды, маркетинг арналары мен құралдарын, CPC (бір клик құны), CPA (бір әрекет құны) жүргізу, талдау және оңтайландыру;
· Аналитикалық жүйелерді баптау, мақсаттарды, жарнамалық науқандардың тиімділігін қадағалау;
· Жарнамалық науқандардың бюджетін жоспарлау;
· Жарнамалық науқандардың тиімділігі мен нәтижелері туралы есептер дайындау.
· Медиа жоспар үшін алдын ала есептеулерді дайындау;
· Email-маркетинг және іздеу жүйесін оңтайландыру агенттігінің жұмысын үйлестіру: медиа-жоспарды, хаттардың мазмұнын бекіту, тапсырмаларды орындау мерзімдерін үйлестіру;
· Барлық цифрлық арналар бойынша цифрлық науқандардың ең үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін SMM, контент-маркетинг бойынша маман(-дар-)мен және копирайтерлермен үнемі ынтымақтастықта болу.
Қойылатын талаптар:
· Google Analytics/Яндекс Метриканы жетік меңгерген пайдаланушы
· GoogleAdWords/Я.Директ/ Facebook Ads-ті жетік меңгерген пайдаланушы
· Google, Яндекс, Facebook сертификаттарының болуы артықшылық болып табылады
· Іздеу жүйесін саралау және email маркетинг механизмдерін білу керек,
· Ұқсас міндеттері бар лауазымдарда кемінде 1 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек
· Қазақ, орыс тілдерін жетік білу керек, ағылшын тілін білу деңгейі Upper-Intermediate-тен төмен емес
· GTM-ді, әртүрлі жүйелердің пиксельдерін баптай алу керек
· Ремаркетинг аудиториясын баптай алу керек
· Excel, Google Sheets білу керек;
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Толық жұмыс күні
Жабылу күні: 30-қар.-2021