Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
✈️ Air Astana Жаппай қызметкерлерді іріктеу бойынша маманды іздейді! ✈️
Егер сен бортсеріктерді, жердегі қызметкерлерді және сату кеңсесі мамандарын іріктеуге дайын болсаң, қарқынды жұмыс ырғағын ұнатсаң және ең үздік кандидаттарды ұшақтан да жылдам тапқың келсе 🛫— бізге қосыл!
🎁 Саған не беріледі?
📖 Нөлден бастап оқыту;
🚀 Күшті командасы бар беделді авиакомпанияда жұмыс;
🎟️ Жеңілдетілген әуе билеттері (Иә, сен де дерлік тегін ұшасың!);
📍 Қаланың орталығындағы кеңсе + әлеуметтік пакет + медициналық сақтандыру.
💥 Сынаққа дайынсың ба? Дереу өтініш жібер!
🔥 Бұл жұмыс сен үшін, егер:
⚡ Динамиканы жақсы көрсең және жаппай іріктеу бойынша тәжірибе жинағың келсе;
⚡ Авиация саласындағы үздік таланттарды іздеуге дайын болсаң;
⚡ Жай ғана рекрутингпен айналысқың келмей, адамдардың өмірін өзгерткің келсе;
⚡ Кадрларды іріктеу саласында кемінде 1 жылдық тәжірибең болса (артықшылық);
⚡ Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеріп, ағылшын тілің Upper-Intermediate деңгейінде болса;
⚡ Үміткерлермен сұхбат жүргізе алсаң және бағалау құралдарын қолдана білсең;
⚡ Көп міндеттіліктен қорықпай, үлкен ақпарат ағынын басқаруға қабілетті болсаң.
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Толық жұмыс күні
Жабылу күні: 23-сәу.-2025