Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
«Эйр Астана» әуе компаниясының авиатехниктерді даярлау бағдарламасы қатысуға өтініштерді қабылдайтынын хабарлайды.
Бағдарлама болашақ авиатехниктерге халықаралық сертификат пен EASA Part 66 лицензиясын алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар беделді авиакомпанияда жоғары сапалы білім мен келешегі бар мамандықты ұсынады.
Бағдарламаның ұзақтығы 5 жыл, ол келесі кезеңдерді қамтиды:
1-қадам. Компаниядға жұмысқа орналасу:
Бірінші жыл компанияда кіші механик ретінде ресми түрде жұмысқа орналасуды қамтиды. Бұл кезеңде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибе жинақтаудың басы болып табылады.
2-қадам. Теориялық оқыту:
66 модуль бойынша екі жыл теориялық оқыту, сонымен қатар емтихандарды тапсыруы. Осы уақытта аэродромда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық жұмыстар да жүргізіледі.
3-қадам. EASA 66-бөлімінің сертификаты:
Теориялық оқуды сәтті аяқтағаннан кейін EASA Part 66 сертификатын алу.
4-қадам. EASA 66 бөлімі инженерлік лицензия:
EASA Part 66 стандарттарына сәйкес халықаралық инженерлік лицензия алу үшін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуде екі жылдық тәжірибе қажет.
Шарттары:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Іріктеу кезеңдері:
Таңдауға қатысу үшін форманы толтыру қажет.
ОРНАЛАСУЫ
Астана , Қазақстан
Ауысымдық жұмыс