Қаржы кафедрасында тағылымдамадан өту Finnovation

Артқа

Қаржы кафедрасында тағылымдамадан өту Finnovation

Қаржы
Жабылу күні: 15-қыр.-2023

Сипаттамасы

«Эйр Астана» АҚ алғыр, белсенді, сенімді әрі өршіл студенттер мен жас түлектерді іздестіруде. Сіздерді Қазақстандық ұлттық әуе компаниясындағы қаржылық департаментінің үлгілігін, айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыздандыратын кәсіби мамандар командасының бір бөлігі болуға шақырамыз. Мақсатымыз - күнделікті міндеттерді басқаруға, бөлімнің жалпы тиімді жұмысына үлес қосу және компанияның қаржылық жағдайын жетік білуге ​​көмектесу. Сіздің біліміңіз және дағдыларыңыз Қазақстанның маңызды инфрақұрылымдық институтына және тұтастай алғанда экономикаға пайдалы болатынына сенімдіміз.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Алты айлық ақылы тәжірбие.
  • Жұмыс кестесі: аптасына 4/5 күн – өз таңдауынызға байланысты. Емтихан кезіндегі жаң-жақты қолдау.
  • Қарқынды кәсіби даму: жеке жаттықтырушы және жолдас, тұрақты жұмыс орнындағы тренингтер. Әзір бол!
  • Бірегей іскерлік мәдениет: батыс пен шығыстың үздіктерінің қоспасы (акционерлер – 51% KZ, 49% Ұлыбритания).
  • Shuttlebus (оқу үшін тамаша орын).
  • Әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Сонымен қатар тағылымдама сынақ мерзімі ретінде есептеледі.
  • Компанияның қаржылық процестерін трансформациялаудағы бірегей тәжірибе мен тиісінше есепші, аналитик, кеңесші және бақылаушының жұмысын үйлестіретін қаржы маманының рөлін түрлендіру. Тапсырманы қабыл алыңыз!
  • Әлемдегі ең қызықты, түбірлі және күрделі болып табылатын авиация саласындағы жұмыс. Ең қызығы тек NASA-да болуы мүмкін.

МІНДЕТТЕР:

Ағымдағы міндеттердің сипаттамасы:

  • Барлық іскерлік транзакциялардың жазылуын қамтамасыз ету үшін журналдық жазбаларды орналастырі және өңдеу.
  • Дебиторлық берешекті жаңарту және шот-фактураларды шығару / Кредиторлық берешекті жаңарту және салыстыруды орындау.
  • Бастамашыға қызметті бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылдауға көмектесу.
  • Ақпараттың дәл және қажет болған кезде дереу қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін дерекқорлардағы қаржылық деректерді жаңарту.
  • Басқа ауыспалы қаржылық жобаларға көмектесу.

Өтпелі кезеңдегі міндеттердің сипаттамасы:

  • Қаржы бөлімінің барлық күштерін бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жұмылдыру.
  • Күнделікті тапсырмалардан уақыт босату үшін тиімділік бойынша жұмыс жасау.

Келешектегі бизнес қажеттіліктері:

  • Автоматты түрде жасалған есеп деректерін растау және қарап шығу.
  • Бөлімшелер немесе шығындар орталықтары шеңберінде кірістерді, шығындарды және күрделі салымдарды талдау.
  • Шығындардың тиімділігі мен кірістің өсуі бойынша басқару тобымен және жауапты тараптармен кеңесу.


ТАЛАПТАР:

Міндетті:

  • Бухгалтерлік есеп, қаржы және экономика салаларында жетік білім.
  • Ағылшын Intermediate деңгейінде.
  • Мықты аналитикалық қабілеттер.
  • Еңбекқорлық пен істің егжей-тегжейіне жете қарау.
  • Сенімділік пен белсенділік.

Қалаулы:

  • Жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері;
  • Сәйкес минималды тәжірибе;
  • Жетілдірілген Excel дағдылары.
  • Іскерлік хат алмасу және телефон арқылы сөйлесу дағдылары;
  • ACCA бойынша біліктілік, ХҚЕС бойынша сараптама.

 

 

 

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 15-қыр.-2023