Сипаттамасы
Авиакомпаниялардың экипажды басқару жүйелері мен операциялық үдерістерін қолдау және дамыту үшін жоғары білікті және ынталы аға аналитик-әзірлеушіні іздестірудеміз. Бұл рөл бизнес-талдау және әзірлеу міндеттерін үйлестіріп, жүйелеріміздің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді, және де авиакомпанияның күнделікті операцияларын қолдауда маңызды рөл атқарады.
Негізгі міндеттерге бизнес талаптарын талдау және жинау, оларды техникалық сипаттамаларға айналдыру, сондай-ақ шешімдерді әзірлеу, тестілеу және қолдау кіреді. Бұл рөлде сізге RAVE функционалдық бағдарламалау тілін үйрену және пайдалану қажет болады. Бұл құрал экипаждың жұмыс кестелерін оңтайландыру және ресурстарды бөлу үшін бизнес ережелерін жасауға арналған. RAVE көптеген факторларды ескере отырып, күрделі жоспарлау логикасын әзірлеуге және рутиналық үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. RAVE-ті күнделікті міндеттерде тиімді пайдалану үшін толық оқыту қарастырылған.
МІНДЕТТЕР:
Жүйені басқару және қолдау:
- Авиакомпанияның барлық операциялық жүйелерін бақылап оған техникалық қолдау көрсету.
- Жүйенің күнделікті жұмысын бақылау, сенімділікті және келісім-шарт бойынша белгіленген жұмыс жасайтын уақытын қамтамасыз ету (SLA).
- Мәселелерді шешу және жүйелерді жаңарту үшін қызмет көрсетуші маманмен бірлесіп жұмыс істеу.
Бизнес талдау:
- Қолданыстағы бизнес-үдерістерін талдау, олардың тиімсіз тұстарын анықтап, оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру.
- Жүйе бойынша құжаттарды дайындау, оның ішінде сипаттамалар, талаптар және пайдаланушы нұсқаулықтары.
- Бизнес-талаптарды жинау, басымдық беру, талдау және техникалық тапсырмаларға түрлендіру.
- Жаңа бизнес-қосымшаларды, интеграцияларды және басқа автоматтандыру құралдарын енгізу, сондай-ақ олардың бизнес-талаптар мен операциялық мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
- Тестілеу процесіне қатысу: тест жоспарларын жасау, функциялардың талаптарға сәйкестігін тексеру және пайдаланушының қабылдау тестілеуін (UAT) өткізу.
RAVE әзірлеу:
- Jeppesen өніміндегі ережелерді әзірлеу үшін RAVE тілін үйрену және пайдалану.
- Ережелерді әзірлеу және қолдау:
- Экипаждың жұмыс кестелерін және ресурстарды бөлуді оңтайландыру үшін бизнес-ережелерін зерттеу, әзірлеу және техникалық қолдау көрсету.
- Jeppesen өнімінің ерекшеліктерін және авиакомпанияның талаптарын ескере отырып, бизнес-логиканы баптау.
Тестілеу:
- Ережелердің дұрыстығын тексеру үшін тест жоспарын әзірлеу және орындау.
- RAVE-ті басқа жүйелермен біріктіруді тестілеуге қатысу және анықталған ақауларды жою.
Құжаттама және білім беру:
- RAVE бойынша әзірленген ережелер, процестер және конфигурацияларға байланысты құжаттарды дайындау.
- Бизнес-ережелері мен процестердегі өзгерістерге сәйкес құжаттарды үнемі жаңартып отыру.
Оңтайландыру және дамыту:
- Қолданыстағы ережелерді жетілдіру және жүйе өнімділігін арттыру мақсатында мүмкіндіктерін анықтау.
- RAVE негізіндегі жүйенің жұмысын бақылау және түсініксіз конфигурациядағы жою.
ТАЛАПТАР:
- IT, компьютерлік ғылымдар немесе соған байланысты саладағы бакалавр дәрежесі.
- IT жүйелерінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Бағдарламалауда кемінде 2 жыл тәжірибе.
- Функционалдық бағдарламалау тілдерінде (мысалы, Scala, Haskell, F#, Lisp және т.б.) немесе объектілеуге бағытталған тілдерде (C#, JavaScript, Java, Python) функционалдық концепцияларды тәжірибеде қолдану.
- Деректерді талдау, бизнес-талаптарды жинау және есеп беру саласындағы тамаша аналитикалық және мәселелерді шешу дағдылары.
- Бизнес-қажеттіліктерін техникалық шешімдерге айналдыру тәжірибесі.
- Қызмет көрсетуші маманмен жұмыс істеуде және қарым-қатынас орнатуда жоғары біліктілік.
- Жұмыстағы егжей-тегжейлерге назар аударып оны шешу және мәселелерді шешуде проактивті көзқарас.
- Командалық жұмысқа бейімділік және жақсы қарым-қатынас дағдылары.
- Операциялық жетілдіруге және үздіксіз жақсартуға ұмтылу.