Air Astana әуекомпаниясының мансап құруға арналған сайтына қош келдіңіз! Болашақ жұмыс беруші ретінде бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз. Біздің компанияға жұмысқа тұру процесі әрқашан тегін және үшінші тараптың қатысуынсыз тікелей жүзеге асады.
Мұқият болыңыз және абайлаңыз. Жұмысқа тұру үшін біз ешқашан ақы төлеу мен жеке және банк дерегіңізді бөтен адамға беруді сұрамаймыз. Сізге осындай ұсыныс түссе, ол алаяқтық болуы мүмкін.
Егер сұрағыңыз болса, біздің recruitment.support@airastana.com ресми электрондық адресімізге жазуды өтінеміз.
Құрметпен,
Air Astana командасы
Сипаттамасы
✈️ Air Astana-мен бірге ұшқыш бол!
Орталық Азияның жетекші әуе компаниясында беделді және жоғары жалақылы мамандық алу мүмкіндігі!
2008 жылдан бері 300-ден астам түлек оқу бағдарламасын аяқтап, Air Astana әуе компаниясында екінші ұшқыш және әуе кемесінің командирі ретінде табысты мансап құрып келеді.
🕒 Оқу ұзақтығы: 16–18 ай
🌍 Оқу орны: Еуропаның үздік ұшқыш мектептері
🎓 Жұмыспен қамту: бағдарламаны аяқтағаннан кейін - әуе кемесінің түріне оқыту және Air Astana компаниясында жұмыс
💡 Оқу ақысы авиакомпания есебінен төленеді. Тек оқу құнының 75% бөлігін түлек 15 жыл ішінде жұмыс барысында өтейді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
🔹 Іріктеу кезеңдері
I кезең: Ағылшын тілі тесті (Intermediate) немесе IELTS 6.0 / TOEFL 79 сертификаты
II кезең: SHL — сандық және вербалды ақпаратты талдау қабілетін анықтайтын тесттер
III кезең: COMPASS — психомоторика, математика, физика және логика бойынша компьютерлік тесттер
IV кезең: ВЛЭК (1-деңгей) медициналық тексеріс және ағылшын тілін сертификатпен растау
V кезең: Қорытынды кезең — симуляторда танысу күні, топтық тапсырма және жеке сұхбат
📩 Өтінімдер жыл бойы қабылданады.
✨Ab-initio — Air Astana-дағы ұшқыш мансабыңа бастау бол!
Азаматтық авиация әлеміне бүгіннен қосыл!
ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан
Ауысымдық жұмыс