ұшуларды орындауды бақылаушы

Артқа

ұшуларды орындауды бақылаушы

Ұшу жұмыстары
Жабылу күні: 20-Ақп.-2023

Сипаттамасы

Оперативті басқару орталығы  (ОБО) – бұл барлық тактикалық оперативті шешімдер қабылданатын компания ішіндегі орталықтандырылған және бар назарын қауіпсіздікке, тұтынушыларға қамқорлық пен тиімділікке бағыттайтын департамент.

 Оперативті басқару орталығы  үш негізгі қызметке жауап береді: алдын-ала жоспарланған кестенің уақытылы орындалуы, жұмыс барысындағы барлық ауытқуларды ұшу кестесінде жаңарту және ішкі процедуралар мен нұсқауларды ұстану арқылы төтенше жағдайларда ұшу кестесін барынша қалпына келтіру.

 Жұмыс уақыты: Ауысым кестесі бойынша жұмыс істеу: 12 сағат, 2 күн/2түн - 4 күн демалыс.

МІНДЕТТЕР:

  • Төтенше және қалыптан тыс жағдайларда Супервайзерге оперативті түрде көмек көрсету
  • Рейстерді ОБО-ң бақылау құралдары арқылы үздіксіз қадағалау
  • ОБО-ң барлық байланыс жүйесін бақылап уақытылы жауап беру
  • Рейске қатысты қажетті ақпараттарды қабылдау мақсатында әуекомпания және әуежай қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынасты жүргізумен қатар басқа да департаменттардың сұраныстарын қабылдап, жүзеге асыру
  • Рейстің кешігу себебін анықтап зерттеу
  • Қажетті репорттарды дайындап тиісті адресаттарға жіберу
  • Күнделікті түрде рейстердің ұшу кестесін қадағалап әуекомпания  жүйесіндегі мәліметтің дұрыстығын тексеру
  • Ауа-райына қатысты ақпаратты бақылап анализ жүргізу
  • Рейстердің кешігу және басқа да төтенше жағдайларға байланысты ақпаратты ОБО-ң тиісті ақпарат тарату құрылғылары мен Е-mail арқылы жіберу
  • ОБО-ң күнделікті жұмыс барысындағы барлық программалар мен жүйелерін  қолдану және дұрыс істейтіндігін қадағалау
  • Департаментке келіп түскен навигациялық шот-фактуралардың дұрыстығын тексеру

ТАЛАПТАР:

  • Жоғарғы оқу білімі
  • Ағылшын/Орыс тілін еркін деңгейде меңгеру (ауызша, жазбаша)
  • Жоғары компьютерлік сауаттылық (Word, Excel, Outlook)
  • Командада жұмыс жасай білу
  • Уақытты дұрыс ұйымдастыра білу қабілеті
  • Коммуникативтік дағдылар (телефон арқылы ақпаратты қабылдау және сараптау, сыпайылық таныту)
  • Стресске төзімділік
  • Міндеттерді қысқа мерзімде атқара білу
  • Мұқияттылық таныту
  • Тапсырмаларды тиісті дәрежеде орындау
  • Проблеманы шеше білу
  • Аналитикалық ойлау қабілеттілігі

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Ауысымдық жұмыс

Жабылу күні: 20-Ақп.-2023