ӘК ТҚ материалдарын жоспарлау жөніндегі маман

Артқа

ӘК ТҚ материалдарын жоспарлау жөніндегі маман

Жабылу күні: 21-Мау.-2019

Сипаттамасы

Материалдарды жоспарлау және қадағалау бөлімі Әуе компаниясының барлық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтардың, ӘК компоненттерінің, шығыс және басқа да материалдарының жеткілікті саны болуын бақылайды.

Біз ақыл-ой жүйесі талдауға бейім, операциялық басқару саласында оқып-үйренуге және дамуға дайын материалдарды жоспарлау жөніндегі маман іздейміз.

Маманның негізгі міндеттері мыналарды қамтиды:
- Барлық қоймаларда материалдардың оңтайлы деңгейін ұстап тұру
- ӘК-не техникалық қызмет көрсету мен түрлендірудің материалдарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету
- Материалдардың болашақтағы қажеттілігін жоспарлау

Талаптар:
- Бухгалтерлік есеп / қаржы / экономика / математика саласындағы жоғары білімі
- Алдыңғы жұмыс тәжірибесі міндетті емес
- Ағылшын тілін меңгеруі (Upper-Intermediate және одан жоғары)
- MS Excel бағдарламасында жұмыс істей білуі
- Operations Management және Supply Chain Management салаларында кәсіби оқу үшін жеке уақытын бөлуге даярлығы

 

ОРНАЛАСУЫ
Алматы , Қазақстан

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 21-Мау.-2019