Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршан орта жөніндегі маман. FlyArystan division.

Артқа

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршан орта жөніндегі маман. FlyArystan division.

Жабылу күні: 30-Шіл.-2019

Сипаттамасы

Әуе компаниясының бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.              

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын байқау, еңбекті қорғау жай-күйінің есебін жүргізу, талдау және бағалау.

Әуе компаниясының өндірістік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны басқару жүйесінің біріктірілген менеджмент жүйелерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. OHSAS 18001:2007 бойынша жұмыстарды енгізу және жүргізу шараларын әзірлеу.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың тергеп-тексерілуін ұйымдастыру.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есептерін дайындау.

Ластайтын заттардың шығарындылары көздерінде аспаптық өлшеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру.   

Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепті әзірлеу.

Техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобаларға экологиялық сараптама жүргізілуін қамтамасыз ету.              

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім дайындау.       

ҚР заңнамалық талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдарға қоршаған орта, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы барлық қажетті есептерді тапсыру.    

Парниктік газдарды түгендеу жұмысын ұйымдастыру, оны верификациялау, детерминациялау және есепті растау.

Кәсіби аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту, оларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына дейін жеткізу шараларын әзірлеу, сондай-ақ әзірленген шаралардың орындалуын ұйымдастыруда көмек көрсету.

Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және орындау кезінде Әуе компаниясының бөлімшелерімен ынтымақтасу және жұмысты үйлестіру.

Әуе компаниясы құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін әзірлеу және қайта қарау; қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманы ұйымдастыру, оқытып-үйрету және білімдерін тексеру кезінде көмек көрсету.    

Ғимараттардың, құрылыстардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйіне, желдету жүйелері жұмысының тиімділігіне, қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының жай-күйіне тексеру жүргізуге, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік және құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін анықтауға қатысу. Қызметкерлердің өмірлері мен денсаулықтарына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, цехтарда, телімдерде және жұмыс орындарында машиналардың, жабдықтың пайдаланылуын және жұмыстардың жүргізілуін тоқтату шараларын қабылдау.

Рұқсат етілмеген заттарға сынақтамадан өткізуге қатысу, сондай-ақ олар бойынша жазбаларды жүргізу.               

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытып-үйретілуін және білімдерінің тексерілуін ұйымдастыру.

Талаптар:

Жоғары білім

Іскерлік хат алысуды жүргізу үшін ағылшын тілін intermediate деңгейінде білу

Қазақ тілі – сөйлесу тілі

Лауазымға сәйкестік үшін қажетті білімдер:

Қазақстан Республикасының Әуе компаниясы қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік және құқықтық актілері.

ҚР экологиялық заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнамасы.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйеге келтіру, есепке алу және жүргізу тәртібі.

 

ОРНАЛАСУЫ

Толық жұмыс күні

Жабылу күні: 30-Шіл.-2019